Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Облыс орталықтары 2025 жылға дейін 5G интернетпен 60% қамтылады — Бағдат Мусин

2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

13.10.2023
Саясат

«Біз өткен жылы радиожиіліктерге байқау жариялаған едік. Процесс созылып кеткен жоқ. Жоспарымызға сәйкес биыл 700 базалық станса орнатуымыз қажет еді. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткіштен асып түсіп, жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станса орнатады. Олардың инвестиция салуға және байланыс инфрақұрылымын барынша қарқынды дамытуға дайын екенін ескерсек, біздің мобильді операторлар жүктелген тапсырманы орындайтынына сенімдімін. 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының кемінде 75 пайыз және облыс орталықтарының 60 пайыздан астамы 5G желісімен қамтиды. Яғни, әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясымен қамтылатын болады», — деді министр Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы аясындағы брифингте.

Осы ретте Бағдат Мусин байланыстың басқа да технологиялары қоса дамытылатынын айтты.

«Сонымен қатар біз 4G инфрақұрылымын нығайту, ұлғайту бағытында да базалық стансаларды жаңғырту үшін ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін мобильді байланыс операторлары арасында радиожиілік байқауын өткізетін боламыз», — деді ол.

Айта кетейік, кеше Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарын 5G технологиясымен қамтуды жеделдетуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Алкоголизм – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Диана Ахметова
23.07.2026

Алматы облысында жабайы қарасора жинаған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
23.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz