Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев Digital Bridge форумы аясында ұйымдастырылған көрмеге барды

Мемлекет басшысы дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған роботты техника, Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ Kaspi.kz, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar және тағы да басқа ұйымдардың көрме стендтерін аралап көрді, деп хабарлайды alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12.10.2023
Саясат

Роботты техника аймағында Мемлекет басшысы көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған роботты техникадан Қазақстан құрамасының мүшелерімен әңгімелесті және Ustem Foundation, Alem School, MakerSpace жобаларымен танысты.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президентке жекелеген екінші деңгейлі банктер мен компаниялар өздерінің платформалары арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасап отырғанын баяндады.

«Мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары, соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің «QR арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуды растау» (eGov mobile қосымшасындағы еДенсаулық) жобасы таныстырылды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президентке Astana Hub жобалары, Google for Startups, Draper University, Tech Orda, Silkroad innovation hub, өңірлік IT Hub бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасанды интеллект негізінде кеңес беріп, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін «AiGov» чат-боты жобасын көрсетті.

«Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының цифрлық шешімдері және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік пен арнайы техника жұмысына ашық мониторинг жүргізуге арналған «Сапарларды басқару» жобасы туралы айтылды», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы көрмеге қатысушыларға өздерінің цифрлық жобаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді. Президент еліміздегі цифрландыру үрдісі тек бір саланы ғана жетілдіруге емес, сонымен қатар жалпы экономикамыз бен қоғам өмірінде елеулі өзгерістер жасауға бағытталғанын атап өтті.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz