Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

5G-ді енгізу мерзімінен бұрын орындалуы тиіс – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2023 форумының пленарлық отырысында 5G желісі жайында айтты.

12.10.2023
Саясат

«Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн. Бұл мемлекеттің тиімді шешімдер қабылдауының негізгі шарты болады. 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді», — деді Президент.

Оның сөзінше, бұл процесс елімізде қазірдің өзінде жүріп жатыр.

 «2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды екенін баса айтты.

Мемлекет басшысы Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтап, қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуге болатынын да жеткізді.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

Штормовые предупреждения объявлены в ряде регионов Казахстана на 26-27 февраля

Николай Иващенко
26.02.2026

Минэкологии РК прокомментировало информацию в соцсетях о падеже сайгаков

Николай Иващенко
26.02.2026

Rearview shot of an unrecognizable young woman working in a call centre

Важные номера экстренных служб и call-центров Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz