Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мектеп асханалары жаппай тексеріліп жатыр

Білім министрі Ғани Бейсембаев мектептерде оқушыларға берілетін тағам сапасына тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

10.10.2023
Саясат

Министр елімізде балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету бойынша қажетті заңнамалық-құқықтық актілер қабылданғанын атап өтті. Ол жергілікті атқарушы органдардың заңды қатаң сақтауы тиіс екенін айтты.

«25 қыркүйектен кейін мен еліміздің барлық білім беру ұйымдары бойынша ұсынылатын тағам сапасына мониторинг жүргізуді тапсырдым. Қазір комиссия жұмысты аяқтап қалды, біз қандай ескертулер барын көріп отырмыз. Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлғалар жол берген болса, тиісті шаралар қолданамыз», — деді Бейсембаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, жуырда Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде бастауыш сынып оқушыларына  жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілгені анықталды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен «Растишка» йогурты берілген.

Мектеп басшылығы өнім жеткізушіні өзгерту және келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін хабарлады. Жеткізушінің өзі көтерме базардан өнім алған кезде жарамдылығы өтіп кеткен өнімдерді байқамай қалғанын айтып ақталды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: Ғани Бейсембаев

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz