Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Асы жайлауына туристердің баруына шектеу қойылды

Бастапқыда әлеуметтік желілерде туристер енді бұл жайлауда демала алмайтыны туралы ақпарат пайда болды.

04.10.2023
Аймақ

«Асы жайлауына, обсерваторияның жанына қоршаулар салып тастаған. Барып, демалуға тыйым салынғаны туралы белгілер ілінді. Әдеттегі көлік тұрағы, кемпинг және тағы басқа дүниелер қазір жоқ», — деп жазды желі қолданушысы.

Оның себебін «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЖШС директорының міндетін атқарушы Рашит Валиуллин айтып берді.

Ол бұл шектеулерді растады.

«Қазір институт осы обсерваторияда жүргізілетін жоғары дәлдіктегі астрономиялық бақылауларға стихиялық туризмнің кері әсерін азайту мақсатында Асы-Түрген обсерваториясының жер телімін қоршау жұмысын істеп жатыр», — деді Астрофизикалық институты директорының міндетін атқарушы.

Маманның айтуынша, обсерватория аумағын шұғыл қоршау қажеттігі 2023 жылдың тамыз айында туындаған.

«Асы-Түрген обсерваториясының қоршалмаған аумағын туристердің шамадан тыс ластауына байланысты институт айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Алматы облысының әкімдігі бұл аумақтан ірі көлемде қоқыс шығарды», — деді ол.

Обсерватория аумағына саяхат жасауға қатысты Рашит Валиуллин былай деді:

«Обсерватория арқылы малды жайылым жерлерге айдап өткізу мүмкіндігі сақталады. Енді туристік компаниялар, туристер обсерватория аумағында қоқыстарын жинап кету, шығару сияқты тазалық сақтау міндеттемесін орындайтын жағдайда ғана жүре алады», — деді Рашит Валиуллин.

Еске салайық, бұған дейін туристер Асы жайлауында көп тонна қоқыс қалдырғаны хабарланған еді. Мысалы, Якутияның тумасы туристік фирмаларды табиғатқа аяушылық танытпағаны үшін сынға алып, үстіртте ешкімнің қоқыс жинаумен айналыспайтынын баса айтқан еді.

2023 жылдың 16 тамызында Алматы облысының әкімдігі үстірттен 28 тонна қоқыс шығарылғанын хабарлады.

Тегтер: Алматы облысыАсыжайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 742 мыңнан астам тұрғыны Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды: сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Қазақстанның үздік спортшылары Алматы облысында Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Құрылтай сайлауы: күннің екінші жартысында сайлаушылар белсенділігі артты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Президент Үкіметке жаңа міндет жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz