Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматыда алимент төлемей жүрген 16 мыңға жуық адам бар

Қазіргі уақытта Алматы қаласының сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 16 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізілуде. Оның 60%-дан астамы мерзімді өндіріп алу барысында, деп хабарлады ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері.

20.09.2023
Қоғам

«Сондай-ақ, борышкерлер алиментті өз бетінше төлейтін атқарушылық іс жүргізулер де бар. Алайда, сот шешімдерін, соның ішінде алимент бойынша шешімдерді орындау көптеген қиындықтармен байланысты, мысалы, борышкердің қолма-қол ақшасының болмауы, жауапкердің тұрғылықты жерін белгілемеу, тұрақты жұмыс орнының болмауы, өндіріп алуға болатын мүлік және т.б», — деді Алматы қаласы Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысы Әнуар Жексеков.

Алимент төлеуді қамтамасыз ету үшін борышкерлерді жұмысқа орналастыру қажет. Осы мақсатта мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Осылайша, 2023 жылы алимент бойынша борышкерлер үшін 4 Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 320 жұмыс орнына ашық бос жұмыс орындары бар 15-тен астам ірі компания (мысалы, Forte Bank, Sulpak, Helios, Рамс Қазақстан және т.б.) шақырылды.

Биыл Департамент 78 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, 5 тәулікке дейін 81 әкімшілік қамау жазасы қолданылды. Алимент бойынша 4 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.

«Алимент өндіріп алу бойынша барлық қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, борышкерлер 50 млн.теңгеден астам берешек төледі, осылайша Департамент сот актілерін орындау жөніндегі міндеттерді шешіп, алдағы уақытта да істердің әлеуметтік маңызды санаттарын нақты орындау үшін жұмыс істейтін болады», — деді спикер.

2023 жылы сот орындаушылары берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлік, 7 жылжымалы мүлік сатты, сол арқылы 20 млн.теңгеден астам берешек өтелді.

Сонымен қатар, 2023 жылы алимент бойынша әрекетсіздігі үшін 8 жеке сот орындаушысына қатысты лицензияның қолданысынан айыру туралы ұсыныс жіберілді, 4 сот орындаушысы лицензиядан айырылды, 4-уі сот қарауында.

2023 жылы 27-ден астам отбасы қайта қауышып, алимент төлеу мәселесі жойылды. Сонымен қатар, алимент өндірісін нақты орындау және борышкерлер мен өндіріп алушылар арасында ымыраға келу үшін сот орындаушылары көбінесе медиаторлардың көмегіне жүгінеді. 2023 жылы 116 бітімгершілік келісім жасалды.

Тегтер: Алименталматы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz