Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Елімізде үш бағыттағы автожол реконструкцияланып, 4 жолақты болады

Көлік министрі Марат Қарабаев өңірлерге жасаған жұмыс сапарынан кейін еліміздегі автожол саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді, деп жазады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

14.09.2023
Саясат

Жиында автожол саласын одан әрі дамыту бойынша қалыптасқан жағдай мен алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар, атап айтқанда басымдық берілген жобаларды іске асыру, жолдарды реконструкциялауға арналған жерлерді белгілеу, сондай-ақ жол бойында жолаушыларға қызмет көрсететін нысандар желісін кеңейту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңейтілген кеңеске Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, автожолдардың құрылысына қатысатын отандық мердігерлік ұйымдардың, сондай-ақ жанармай құю бекеттері мен жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысына инвестиция құятын компаниялардың өкілдері қатысты.

Аталған саланы дамытудың басымдықтары туралы айта келе, ведомство басшысы 2029 жылға дейін 4,7 мың шақырым жол салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру жұмыстарын бастау жоспарланып отырғанын айтты. Ол қазақстандықтарды сапалы жолдармен қамтамасыз ету міндеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін және Президенттің сайлауалды бағдарламасында бекітілгенін атап өтті.

Сонымен бірге жаңадан құрылған министрліктің басшысы «Ақтөбе-Ұлғайсын-Қызылорда» (1363 км), «Жезқазған-Қарағанды» (513 км) және «Сарыағаш қаласын айналып өту» (102 км) автожолдарын реконструкциялау жөніндегі жобалар басымдық берілетін жобалардың қатарына қосылғаны туралы мәлімдеді.

Марат Қарабаевтың айтуынша, аталған жолдарды 4 жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіп, I техникалық санатқа ауыстыру туралы шешім көлік қозғалысы қарқындылығының артуына байланысты қабылданған.

Республиканың жол-көлік әлеуетін іске асыру жөніндегі жоспарларға сәйкес көлік министрлігі республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту шеңберіндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыратын болады.

Бүгінгі таңда елімізде жол бойындағы сервис1652 объектіні қамтып отыр, оның 78 пайызы ұлттық стандарт талаптарына жауап береді. Осылайша, жылдың соңына дейін тағы 78 нысанды іске қосуды жоспарланып отыр. Оның ішінде 53-і жеке инвестицияларды тарту есебінен іске қосылатын болады. Сонымен қатар жолдарды қайта жаңарту және жөндеу жобалары шеңберінде жаңадан 25 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылмақ. Бұл ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы сервис объектілерінің үлесін 82 пайызға дейін арттырады.

Бұдан бөлек 2029 жылға қарай стандартқа сәйкес келетін 200-ден астам жаңа нысан салу жоспарда бар.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Марат Қарабаев учаскелерді мақсатсыз қолдану жағдайларын болдырмау мақсатында автомобиль жолдарын реконструкциялау үшін жерлерді алдын ала резервке қою жөнінде тапсырма берді.

Тегтер: Марат Қарабаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz