Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әлем чемпионатында топ жарған кениялық спортшының қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Қазақстан намысын қорғайтын кениялық легионер Нора Джерутоның бұл жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі.

22.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (World Athletics) әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйақы бекіткен. Ресми мәлімет бойынша, әлем біріншілігінің алтын жүлдесі үшін Нора Джерутоға 70 мың АҚШ доллары (33 миллион теңге) беріледі.

Одан бөлек, федерация мен демеушілер тарапынан да чемпионға қомақты қаражат ұсынылатыны анық. Отандық жеңіл атлетика федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Алексей Кондраттың айтуынша, Қазақстанда әлем біріншілігінің чемпионына 20 мың доллар көлемінде сыйақы берілуі мүмкін.

“Әрине, “Уимблдонда” топ жарған Елена Рыбакинаға қарағанда, Нораның табысы әлдеқайда аздау. Себебі, жеңіл атлетикада теннистегідей көп ақша берілмейді. Жеңімпаздарға арнайы бекітілген әлемдік федерацияның сыйақысы бар. Қазақстан тарапынан жеңімпазға 20 мың доллар көлемінде сыйақы ұсынылуы мүмкін”, – деді Кондрат.

Еске сала кетейік, Нора Джеруто Кения тумасы. Ол 22 жасында Қазақстан азаматтығын алып, төрт маусым бойы ірі халықаралық жарыстарға қатыса алған жоқ. Оның ішінде, 2021 жылы өткен Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары да бар. Джеруто Қазақстан атынан ресми жарыстарға 2022 жылдың қаңтарынан бастап шыға бастады.

Нора беделді “Гауһар лигасы” турнирінің алты кезеңінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, ол Кения құрамасының сапында жастар арасындағы әлем чемпионы атанып, ересектер арасындағы Африка кубогін иеленген.

Тегтер: жеңіл атлетиканора джеруто

Соңғы жаңалықтар

Толпа избила одного человека в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Алматинской области спасатели МЧС спасли беременную женщину и мужчину

Николай Иващенко
10.04.2026

Две новые школы открылись в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Шенгельди обновят систему водоснабжения

Николай Иващенко
10.04.2026

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

Николай Иващенко
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz