Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Үкіметке мұнай компанияларына шетелге жол ашу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды

Халықаралық мұнай-газ жобалары аясында отандық компанияларды қолдау және ілгерілету әлеуметтік мәселені шешіп қана қоймайды, сондай-ақ валюталық түсімді айтарлықтай арттырады. Мұндай тәсіл әлемде кең тараған. Бұл - Президенттің пікірі, деп хабарлайды alataunews.kz.

12.09.2023
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке отандық мұнай сервисі компанияларына шетелге жол ашу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

«Бұл мәселені шешумен өз деңгейінде айналысып жүрген салалық бизнес пен қауымдастықтың әлеуетін барынша жұмылдыру керек. Бүгінде шетелдік компаниялар отандық тауар экспорттаушыларды дәстүрлі өткізу нарықтарынан ығыстырып жатқаны байқалады. Мысалы, бұл Иранға жеткізілетін Қазақстан астығына қатысты айтылып отыр. Осындай қауіп Ауғанстан мен Орталық Азия бағытында да бар», — деді содан соң Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанмен көршілес елдердің ұлттық валютасының жағдайы еліміз үшін маңызды тауар түрлері бағасының құбылу ықтималдығын күшейте түскенін жеткізді.

«Үкіметте ұлттық экономика үшін маңызды саналатын астық және басқа да тауарлар бойынша ішкі нарықты тұрақтандырудың нақты әрі ашық алгоритмі болу керек.Белгіленген баға бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға, жанар-жағармай импортына тыйым салуға, тауар басқыншылығына, экспортқа немесе квотаға тыйым енгізуге қатысты қандай жағдай болсын, бизнес мемлекеттің бағаны тұрақтандыру тетіктерінің қандай түрін қолданатынын анық түсінуге тиіс.Салалардың басымдығына, жобаның маңыздылығына және оның экономикаға әсеріне қарамастан, орта мерзімді преспективада кәсіпорындарды қолдаудың нарықтық емес механизмдерінен, әсіресе, жаппай субсидиялаудан кезең-кезеңмен бас тарту керек», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол кепілдік беру механизміне және қаржылай қолдаудан тыс шараларға көшкен жөн деп санайды. Мемлекеттік реттеу мен шектеулердің орнын сұраныс пен ұсыныстарды «оңтайлы басқару» алмастыруға тиіс.

«Осы ретте Азық-түлік корпорациясының әлеуетін толық пайдалану қажет. Мен бұл туралы Жолдауымда айттым», — деді Президент.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz