Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекеттік тендерлерге жеңілдікпен қол жеткізу мәселелерін пысықтау керек — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерліктерді ірілендірудің маңыздылығын айтты.

12.09.2023
Саясат

«Жолдауда заңнамаға шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруге ынталандыратын өзгерістер енгізуді тапсырдым. Салық шаралары, тексеруші органдардың тарапынан жүргізілетін тексерулерге белгілі бір иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ мамандандырылған қолдау құралдары мен мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізу осы ынталандыру шараларының қатарына кіруге тиіс. Мысалы, мемлекеттік қаржылық қолдаудың ерекше шараларын ұсыну, сондай-ақ стандартты салық режимінде жұмыс істейтін бизнес үшін мемлекеттік тендерлерге жеңілдікпен қол жеткізу мәселелерін пысықтау керек», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың дерегінше, елімізде қандай да бір қиындықтарға қарамастан, мемлекеттің қолдауынсыз табысты дамып, экспорттық нарықтарды игеріп жатқан бірнеше жүз ғана орта кәсіпорын бар.

«Бұл ретте, менің білуімше, олардың көбі тексеруші органдардың қудалауынан қорқып, осы уақытқа дейін мемлекеттік көмектен бас тартты. Бұл жерде арнайы тәсіл керек. Егер бизнес өз міндеттемелерін орындап жатса және көздеген мақсаттарына қол жеткізсе, онда бірде-бір тексеруші жобаны іске асыру кезеңінде де, одан кейін де оған кедергі келтірмеуге тиіс», — деді ол.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz