Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстан мен Албания астаналары арасында тікелей әуе рейсін іске қосу жайлы ойлануымыз керек — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Албания Президенті Байрам Бегай екіжақты келіссөздер өткізді.

07.09.2023
Саясат

«Біз Албанияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктес деп есептейміз. Бұл ынтымақтастық аясында айтарлықтай нәтижеге жетудегі шешімді қадам. Мен елшіні Тиранаға бағыттадым. Бұл біздің ынтымақтастықтағы тағы бір маңызды бағыт деп ойлаймын. Қазақстан мен Албанияның ұқсастығы бар. Екі ел де көпұлтты,көпдінді мемлекет. Халқымыздың басым бөлігін мұсылмандар құрайды. Сондай-ақ біз БҰҰ, ИЫҰ, ЕЫҚҰ сынды ірі халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастық жүргіземіз. Біз сіздердің Еуропалық одаққа қосылу саясатын білеміз. Сіздерді Еуропалық одақтың мүшесі ретінде көрсек қуанышты боламыз. ЕО — Қазақстанның ірі сауда серіктесі», — деді Тоқаев.

Президент Еуропалық одақпен ынтымақтастықтың жалғасын табатынын атап өтті.

«Еуропалық одақтың өкілдері Қазақстанда да бар. Қазақстанға қош келдіңіз. Энергетика, көлік, туризм саласындағы мүмкіндіктерді айта отырып, біздің елдердің астаналары арасындағы тікелей әуе рейсі жайлы ойлануымыз керек. Қазақстан Албаниямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Біз ол жағынан бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгінгі кездесу екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді деген үміттемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық 1993 жылы орнатылған. Елдер арасындағы екіжақты сауда-саттық 1995 жылы басталды.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz