Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26.08.2023
Саясат

Мемлекет басшысы Қазақстанда Тәжікстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Бауырлас тәжік халқына қазақ жерінде айрықша құрметпен қарайды. Отандастарымыз қазіргі Тәжікстан туралы көбірек біліп, тәжік халқының бай мәдениетімен тереңірек танысқысы келеді. Осы орайда Сіздің осындай ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру туралы бастамаңызды Қазақстан халқы мен еліміздің қонақтары ерекше ықыласпен қабыл алды. Бұл айтулы шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өткізілуінің ерекше символдық мәні бар», – деді Президент.

Мемлекет басшысы барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде су және энергетика кешеніндегі өзара іс-әрекеттің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Су және энергетика салаларындағы міндеттемелерді орындауға, атап айтқанда, Қазақстанға су және электр энергиясын жеткізуге байланысты шешімді уақтылы қабылдағаныңыз үшін Сізге және барша тәжік тарапына алғысымыз шексіз. Қазақстан өз тарапынан Сіздің алдыңғы сапарыңыз кезінде өзара келіскен барлық міндеттемені орындап жатыр», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мамыр айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқан. Бұл ретте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Эмомали Рахмон да екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына жоғары баға берді.

«Тәжікстанның мәдениет күндерін және көрмесін, сондай-ақ еліміздің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторы өнімдерінің жәрмеңкесін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұл шараларды Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың үздіксіз дамуының бір белгісі деп бағалаймыз. Бұл шаралар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өтуінің өзіндік мәні бар. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өзара түсіністік, жоғары құрмет пен сенімге негізделгені қуантады. Байланыстарымызды одан әрі нығайту Тәжікстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы болып қала береді», – деді Тәжікстан Президенті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекетті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz