Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

«Үздік педагог» атағы иегеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі 

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды.

17.08.2023
Саясат

Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагог қызметкерлері қатыса алады, деп хабарлайды alataunews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Атап өту керек, конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек.

Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазір аудандық, қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Екінші кезеңде әр аудан, қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz