Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қазақстан жұмысшыларына шетелдіктерге қарағанда аз жалақы төлеудің 180 фактісі анықталған

Республикалық үшжақты комиссия отырысында еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

20.07.2022
Жаңалық, Қоғам

19 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы болды. Отырыс шеңберінде еңбек қатынастарын реттеу мәселесі қаралды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорынның мәселелері айтылды. Еңбекақы төлеудегі кемсітушілік бойынша – 180, шетелдіктердің рұқсатта көзделмеген жұмыстарды орындауы бойынша – 225 және кадрлардың арақатынасы сақталмау бойынша – 214 оқиға орын алған.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 228 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шетелдік жұмыс күшін тартуға 266 рұқсат кері қайтарып алынды, бұл отандық қызметкерлердің еңбек құқықтарын қалпына келтіруге ықпал етті. Қызметкерлердің жалақысы және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәселе қаралды.

Жылдың басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 мыңнан астам жұмыскердің жалақы бойынша 3,1 млрд теңге берешегін өтеу қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні жыл басымен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге, яғни 33%-ға төмендегені байқалады. Тек бірінші жартыжылдықта облыстық және аудандық комиссиялардың 1 мыңнан астам отырысы өткізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1,8 мың кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік танытып, 1,2 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы 5%-дан 50%-ға дейін арттырылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің кәсіпорындарында 567 адам жарақат алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,5 %-ға төмен (2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша – 687 адам). Нәтижесінде, Премьер-Министрдің орынбасары орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді:

  • мемлекет басшысының отандық және шетелдік қызметкерлердің жалақысындағы сәйкессіздікті болдырмауға қатысты тапсырмасын іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген жұмыс берушілерге қатысты шаралар қабылдау;
  • еңбек дауларының алдын алу және болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау;
  • міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту жөніндегі жұмысты күшейту;
  • жұмыс істейтін азаматтардың табысын арттыру бойынша жұмысты жандандыру.

Бұдан басқа, комиссия мүшелері кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің жалпы және арнайы кәсіптік құзыреттерін дамыту жөніндегі оқу бағдарламаларын мақұлдады және пайдалану үшін ұсынылды. Оқу бағдарламалары жауапты қызметкерлердің жалпы және арнайы кәсіби құзыретін дамыту үшін қажетті модульдер мен оқыту тақырыптарынан тұрады.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы мен «Еңбек жолы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру шараларын талқылады. Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес «Парыз» конкурсына қатысуға 337 кәсіпорын өтінім берген, ал «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға 418 еңбек әулеті мен жұмыс істейтін азаматтар ниет білдірген.

Ералы Тоғжанов мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің оң тәжірибесін көрсетіп, түрлі қызмет салаларындағы үздік қызметкерлердің еңбегін кеңінен тарататынын атап өтті.

Тегтер: Ералы ТоғжановжұмысшыларПремьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz