Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жолан жүйрігі» республикалық турнирі өз мәресіне жетті

21-22 шілде күндері Райымбек ауданы Қарасаз ауылында ұлттық ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» Республикалық жарысы өтті.

24.07.2023
Аймақ

Біріншілік әр жылдары Алматы облысы Райымбек және Талғар аудандарының әкімі қызметін атқарған Жолан Омаровты еске алуға арналады.

Турнирде Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге, сонымен қатар қыз қуу, жамбы ату және теңге ілуден жарыс өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түпкірінен және Қырғыз Республикасынан 170-тен аса тұлпар мен шабандоздар қатысты.

«Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат» — дейді қазақ. Демек, бүгін біз өте тартысты, жанкүйерді шабыттандырып, қуантатын сайыстың куәсі болмақпыз. Алматы облысы – ұлттық спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі көптеген жарыстарды өткізіп келеді. Ат спортына қолдау көрсетіп, бәйге өткізу – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл – ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуда, оны насихаттауда жасалған қадам. Жолан Омаров – әр жылдары Райымбек және Талғар ауданының әкімі қызметін атқарған, елінің зор ықыласына бөленген азамат. Оның еңбек жолы мен игі істері мәңгілік жадымызда. Шын бабындағы тұлпарлар жеңіске жетсін!» — деді облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөзінде.

Жарыс қорытындысы келесідей:

Ұлы Аламан бәйге:

  • 1-орын —  «Сайгон» сәйгүлігі Жамбыл ауданы, ат иесі Ұлан Омаров (автокөлік)
  • 2-орын — «Волчок» сәйгүлігі Жетісу облысы, ат иесі Айқымбек Беркімбаев (2 000 000 тг ақшалай сыйақы)
  • 3-орын —  «Басбермес» сәйгүлігі Жамбыл облысы, ат иесі Жандос Нартбай (500 000тг ақшалай сыйақы)

Аламан бәйге:

  • 1-орын — «Секрет» сәйгүлігі Жамбыл ауданы, ат иесі Таймерденов Еділ (автокөлік)
  • 2-орын — «Секрет» сәйгүлігі, ат иесі Алтынбеков Қайрат (1 500 000тг ақшалай сыйақы)
  • 3-орын — «Ақмаңдай» сәйгүлігі, ат иесі Танқаман шаруа қожалығы ( 500 000тг ақшалай сыйақы)

Құнан бәйге:

  • 1-орын — «Маржан» сәйгүлігі, ат иесі Қайсар Шымырбай ( 2 000 000тг ақшалай сыйақы)
  • 2-орын — «Айғаным» сәйгүлігі, ат иесі Нұрай шаруашылығы (1 000 000тг ақшалай сыйақы)
  • 3-орын — «Тамирлан» сәйгүлігі, ат иесі Мұрат Құдайбергенов (200 000тг ақшалай сыйақы)

Теңге ілу:

  • 1-орын — Бердібек Ануар
  • 2-орын — Сейтқали Олжас
  • 3-орын — Әбдікерімов Бекасыл

Қыз қуу:

  • 1-орын — Шаймерден Жайна, Бердіқожа Нұрасыл
  • 2-орын —  Мұхамеджан Нұрайым, Нүсіпжан Омар
  • 3-орын — Қанатқызы Жанар, Құдайбегенов Әділбек

Жамбы ату:

  • 1-орын — Батырбаев Ғабит
  • 2-орын — Абилов Жандос
  • 3-орын — Тоқтаған Али

Аударыспақ:

  • 1-орын — Жұмабек Дархан
  • 2-орын — Тілеуғазы Айдос
  • 3-орын — Байкенже Нұрым
Тегтер: Алматы облысыЖолан жүйрігіҰлттық

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz