Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

«Мың бояулы аспан»: Қонаевта өтетін шара жайлы не білуіміз қажет?

22-23 шілде күні демеушілердің ұйымдастыруымен Қонаев қаласы маңында «Мың бояулы аспан» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.07.2023
Аймақ
Фото: ашық дереккөзден (Түркиядағы Каппадокия)

Фото: ашық дереккөзден (Түркиядағы Каппадокия)

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сүйенсек, адамдарды фестивальға таситын көліктен бастап автотұрақ мәселесіне дейін шешілген.

22 шілде күнгі бағдарлама

  • 10:00 – фестивальдің ашылуы. Әуе шарларында кәсіби ұшқыштардың көмегімен ұшу және түрлі конкурс өтеді.
  • 12:00 – балаларға арналған конкурс өтеді.
  • 14:00 – «Fiesta Acoustic» тобы екінші сахнада өнер көрсетеді.
  • 15:00 – тағы да конкурстар ұйымдастырылып, батпырауықтар ұшырылады.
  • 17:00 – «All STYLES BATTLE 1×1» би баттлы.
  • 19:00 – «Эволюция танцев» – биден шеберлік сағаты өтеді.
  • 19:30-22:30 – 85 карат, Kalifarniya, Qarakesek, Oceana қатысуымен концерт.
  • 22:30 – фейерверк қойылымы.
  • 22:45 – қатысушылар от жағып, ойын-сауық кеші басталады.

Сонымен қатар күннің ыстық болуына байланысты әр сағат сайын қонақтар бір-біріне су шашып ойнауына болады.

23 шілде күнгі бағдарлама

  • 05:30 – әуе шарларын ұшыру басталады.
  • 07:00 – негізгі сахнада таңғы жаттығу ұйымдастырылады.
  • 10:00 – ойын-сауық конкурстары өтеді.
  • 11:00 – спорттық эстафета уақыты.
  • 13:00 – тағы да конкурстар.
  • 15:00 – екінші сахнада  «Black Bird Band» тобы өнер көрсетеді.
  • 16:00 – батпырауықтар ұшырыла бастайды.
  • 17: 00 – екінші сахнада цирк шоуы өтеді.
  • 18:00 – биден шеберлік сағаты.
  • 19:00-22:30 – концерттік бағдарлама (Umberto Project, Luxury Band, DJ King Mozarella, Мирас Жүгінісов өнер көрсетеді).
  • 22:30 – отшашулар шоуы.

Фестивальға қалай келуге болады?

Алматы қаласынан Сәтпаев және Байтұрсынов көшесі қиылысында, «ASTANA INTERNATIONAL HOTEL» қонақ үйіне қарама-қарсы беттегі аялдамадан Қонаев қаласы Бақанас көпіріне (фестиваль өтетін жер) қарай автобус жүреді. Уақыты – 9.00-16.00. Кері қайту уақыты – 19.00-23.30. Автобус құны барып-қайтқанымен бірге 2000 тг болады.

Ал Қонаевтан Бақанас көпіріне дейін таңғы сағат 9.00-ден бастап орталық алаңдағы Д.Қонаев ескерткішінен автобус жүреді. Бір бағыт құны – 500 теңге. Фестивальға жеткізуші соңғы автобус 20.00-де шығады.

Кемпинг

Кемпингке (шатырлар) арналған орындардың өзі екіге бөлінген. Оның бірінде тыныштық сақтау керек болса, екіншісінде гитарамен ән шырқап, билеп, көңіл көтеруге болады. Мұнда санитарлық аймақ, тамақ ысытуға арналған орын, электр желісі, түнгі жарық, қоқысқа арналған жәшік орнатылады. Әркім өз заттарын өздері алып келуіне де немесе skadi.kz Инстаграм парақшасында шатырларды жалға алуына болады. Компания керекті құрал-жабдықтарды шараға өздері жеткізіп, өздері жинап алып кетеді.

Сондай-ақ шараның алаңында көліктерге 1000-нан астам тұрақ қарастырылған.

Әуе шарында ұшу жайында

Әуе шарына 5 жастан үлкен 2-ден 6 адамға дейін отыруға болады. Ол 30-50 метр биіктікке көтеріледі (10 қабатты үй). Әуе шарында ұшу құны 1 адамға 10 мың теңге (10 мин). Қауіпсіздік ережелерін сақтауыңыз қажет.

Мотодельтапланда ұшу туралы

Мотодельтаплан – моторлы дельтаплан. Ұшар алдында арнайы оқытудан өтесіз. Кейіннен нұсқаушымен бірге ұшасыз. 10 минут ұшу құны – 40 мың теңге. 8 жастан үлкен балалар, салмағы 100 келіден төмен адамдарға ұшуға рұқсат етіледі. Үстіңізде ыңғайлы киім болуы тиіс.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыфестиваль

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz