Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қай салаларға қосымша қаржы бөлінетіні белгілі болды

Қонаевта өткен Алматы облыстық мәслихатының IV сессиясында өңірдің биылғы бюджетіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

17.07.2023
Аймақ

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» тобы бойынша 500,1 млн теңге бөлінеді. Оның ішінде Қарасай ауданында әкімшілік ғимарат сатып алу (200 млн тг), 2 аудан әкімін сайлау (198,4 млн. тг) т.б. бағыттар бар.

Ал ішкі істер қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне қосымша 800 млн. теңге қарастырылмақ.

Білім беру саласына 5,1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр:
— 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 3,3 млрд. теңге;
— ыстық тамақ алатын балалар санының 11 503-ке, киім-кешекпен қамтылуы тиіс балалардың 20 612-ге ұлғаюына байланысты жалпы білім беру қорына қосымша 1,4 млрд.теңге;
— Іле ауданы Қосөзен және Райымбек ауданындағы Көмірші орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 270,9 млн.теңге;
— Балқаш ауданының білім беру мекемелерінің газға қосылуының құжатын әзірлеуге 87,7 млн. теңге;
— Қарасай ауданының өнер мектебін күрделі жөндеуді бастауға 50,0 млн. теңге және т.с.с.
Жалпы білім саласының биылғы бюджет көлемі — 386 млрд. теңге.

Қосымша ақша бөлінетін саланың бірі — Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласы (1,4 млрд тг).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үй төлемдеріне 54,5 млн, Алматы-Талдықорған МГ «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасын іске қосып, жөндеуге 23,7 млн теңге бағытталмақ.

Басқа салалар:

  • дене шынықтыру және спорт саласы — 408,7 млн. теңге;
  • отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану — 115 млн теңге;
  • ауыл шаруашылығы – 4,8 млрд теңге;
  • орман шаруашылығы – 104,1 млн теңге;
  • жер қатынастары – 2,4 млрд теңге;
  • ветеринария – 954 млн теңге;
  • сәулет және қала құрылысы – 24,8 млн теңге;
  • көлік және коммуникация – 1,7 млрд теңге беріледі.

Аталғандардан бөлек, шағын және орта бизнес субъектілерін газбен, сумен, электрмен жабдықтау және инженерлік-коммуникация желілерін жүргізуге 92 млн. теңге, «Қайрат» индустриялық аймағының сыртқы газбен жабдықтау, алаңішілік инженерлік желілері мен көлік инфрақұрылымын салуға 3,8 млрд. теңге, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 4,5 млрд теңге, Алматы облысының АЭА басқарушы компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыруға 500 млн теңге бөлінеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарбюджет

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz