Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір статусынан айырылды

Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорына қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Енді Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы құрылымдардың басшысы лауазымын атқара алмайды.

05.07.2023
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары оқу орыны мен мектептердің, сондай-ақ өз атындағы қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

«Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіледі.

Осы уақытқа дейін жоғары қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болған. Ал жаңа өзгеріске сәйкес, жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы президент немесе ол тағайындаған адам болады.

Бұдан басқа, құжат тағы бір өзгерісті көздейді: дарынды балаларды Назарбаев зияткерлік мектебінде оқытуға ақы төлеуге арналған «Өркен» білім беру грантын енді тұңғыш президент емес, мемлекет басшысы құратын болады.

Тегтер: Нұрсұлтан Назарбаев

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz