Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Жоғары Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызмтіне сілтеме жасап. 

03.07.2023
Саясат

Мемлекет басшысына өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.

Сонымен қатар Президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды. Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.

Мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігіне және әділ сот жүйесіне сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударды.

Тегтер: Асламбек МерғалиевЖоғары Сот төрағасыҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz