Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Запастағы 635 офицерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысы шықты

Премьер-Министр Ә. Смайылов биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды.

03.07.2023
Саясат

Құжатта жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:

— ҚР Қарулы күштеріне — 550 офицер;

— ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне — 60 офицер;

— ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне — 16 офицер;

— ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына — 9 офицер.

«Жобаның мақсаты – 2023 жылы ҚР Қарулы күштерін, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін және ҚР Ұлттық ұланын жасақтау үшін әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», — деп түсіндірме берілген Үкімет басшысы қол қойған қаулыға.

Құжат алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 11 шілдеде күшіне енеді.

Айта кетейік, жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған еді. Дегенмен, оған өзгеріс енгізіліп отыр. Енді шақырылатын офицерлер саны 635 болып бекітілді.

Тегтер: Үкімет қаулысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz