Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Полиция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, халқына адал қызмет етуге тиіс — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30.06.2023
Саясат

Мемлекет басшысы тәртіп сақшыларына жүктелетін жауапкершіліктің орасан зор екенін атап өтті.

«Баршаңызға мәлім, Ішкі істер министрлігі – мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу – аса маңызды міндет. Азаматтардың және бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігі осы міндеттерге тікелей байланысты.

Тәртіп сақшыларының қызметі оңай емес. Күні-түні жұмыс істейтін кездер жиі болады. Қауіп-қатер де бар. Тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы сақадай сай болу үшін ерекше қажыр-қайрат пен төзімділік қажет. Себебі қиын жағдайға тап болған жандар, ең алдымен, полициядан көмек күтеді.

Азаматтарымыз сіздерге мемлекеттің, яғни биліктің өкілі ретінде қарайды. Қауіп-қатерден қорғайды деп сенеді. Сондықтан сіздерге әрдайым орасан зор жауапкершілік жүктеледі.

Жалпы полицияның сапалы жұмысы ел үшін, халық үшін өте қажет. Біз бәріміз, біртұтас қоғам болып полиция қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Дәл осындай қолдауды біз міндетті түрде көрсетеміз. Полиция қоғамда халықтың құрметіне ие мамандықтың бірі болуы керек. Ал полиция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, халқына адал қызмет етуге тиіс. Сондықтан біз қазір ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіруге баса мән беріп отырмыз», — деді Президент.

Тегтер: ІІМҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz