Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалін демеушілер қаржыландырады

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі бұл жобаны мемлекеттік бюджеттен 183 млн теңгеге қаржыландыруды жоспарлаған.

23.06.2023
Аймақ

Алайда, демеушілер тарту жұмыстары оң нәтиже беріп, «Мың бояулы аспан» халықаралық шар фестивалі коммерциялық жоба ретінде, жергілікті демеушілер мен кәсіпкерлік құрылымдармен келісім жасау арқылы өткізілетін болып қайта мақұлданды.

Осылайша, фестивальді ұйымдастыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалмайды.

Оқиғалы туризм – әлемде кең танымалдыққа ие болған және Қазақстанда даму сатысында тұрған туристік қызметтің перспективалық бағыты. Ол басқа туристік қызмет түрлерінің ішінде интерактивтілігімен, яғни іс-шараға адамдардың көп бөлігін тартуымен, көңіл күй сыйлаумен және тақырып жағынан сан алуандығымен ерекшеленеді. Өйткені Алматы облысы өзіміздің және сырттан келетін туристер саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.

«Мың бояулы аспан» — бұл азаматтардың бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоятын фестиваль. Фестивальда аспанға алып шарлар мен батпырауықтарды ұшыру жоспарланған. Оған әлемнің әртүрлі елдерінен өкілдер қатысады.

Шарлар Қонаев қаласының аспанын безендіріп, оны көркем дүниеге айналдырады. Шарлармен ұшудан басқа, батпырауық сайысы, балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар, интернет-контентке арналған фотоаймақтар, музыкалық және театрлық шоулар, түнгі жарық қойылымдарымен жалғасады.

Фестиваль Қонаев қаласының ірі іс-шаралар мен отбасылық мерекелерді өткізу орны ретінде оң имиджін қалыптастырады және Алматы облысында «оқиғалы туризмді» ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқындалады. Оның негізгі мақсаты – облыстың, осы аймақтың және мемлекетіміздің туризмі мен экономикасын дамытуға жәрдемдесу.

Тегтер: Алматы облысықаржыҚонаев қаласымың бояулы аспанфестиваль

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz