Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды

Монополиясыздандыру бағдарламасы аясында мемлекетке 200 млрд теңгенің активі қайтарылды, деп хабарлайды Altaunews.kz тілшісі экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

18.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қайтарылған активтердің ішінде «Қазахтелеком» АҚ-ның 28,75% акциясы, «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның 100% акциясы, «Акмолит» ЖШС-нің 100% акциясы және басқа да компаниялардың ақшалай қаражаты мен акциялары бар. Активтердің алдын ала сомасы – шамамен 200 млрд теңге.

Бас прокуратурада экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Үкіметтің 8 мыңға жуық актілері мен сот шешімдерін, оның ішінде жекешелендіру, мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына иеліктен шығару туралы шешімдер қаралып жатыр. Олардың кейбіреуі бойынша нәтиже бар.

Мәселен сот Бас прокуратураның талап-арызын сот қанағаттандырып, «Қазақстан» шипажайын меншік құқығынан айырды. Себебі шипажай 2,6 млрд теңге несиені қайтармаған. Нәтижесінде 12 млрд теңге «Халық банкі» АҚ-ның пайдасына шешілді.

Ал шілдеде Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаменті 697 млн теңге соммасына монополиялық табыс алуына байланысты «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Комиссияға кіретін органдар бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге тексеру жүргізуді әрі қарай жалғастырады.

 

Тегтер: қайтарылады

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz