Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып баспана ала алады

Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін төлемге қатысты мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақ қойды.

14.06.2023
Қоғам

«Мысалы, үйде ағайынды балалар болады. Қазір үлкені 17 жаста делік. Осы Ұлттық қордан берілетін 3 500 долларды 18 жылға есептегенде олар әр жыл сайын шамамен 200 доллар ғана алады. 200 доллар не білімге, не үйге жетпейді. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: өзінің артынан еріп келе жатқан бауыр, қарындас, інілеріне ақшаны беру, аудару мүмкіндігі бар ма? Егер болмаса, неге осы мәселені қарастырмасқа?», – деп сұрады депутат Қаржы министрлігі өкілінен.

Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков депутаттың сұрағына жауап берді.

«Біз бұл сұрақты да талқыладық. Егер бір отбасыда 18 жасқа толмаған бірнеше бала осы ақшаны алатын болса, олардың құқығы Отбасы банкіне аударылады. Отбасы банк депозит арқылы мысалы, 3-4 баланың депозитін біріктіріп, тиісті бір мақсатқа жұмсай алады. Мақсат бір – ол пәтер алу. Ондай мүмкіндік қарастырылған», — деп жауап берді вице-министр Мәжілісте.

Сонымен қатар, заңды таныстырған депутат Үнзила Шапақ та сұрақтың жауабын толықтыра кетті.

«Ол ақша 10 жылға дейін БЖЗҚ сақталады. Себебі, ол балалардың бәрі бір жылда 18 жасқа толмайды. Сол себепті өзінен кейінгі бауырларының жасы 18 жасқа толған сәтте ғана ол ақша қосылады. Осыған дейін қолданылған Зейнетақы қорынан ақша алу механизмімен бірдей болады. Бұл заңда бар», — деді депутат.

Еске сала кетейік, бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Тегтер: баспанаҰлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz