Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев 70 жасында дүниеден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев дүниеден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов желідегі парақшасында жазды.

10.06.2023
Жаңалықтар

Биыл 70 жасқа толған Бердібек Мәшбекұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. Ол тәуелсіз Қазақтан тарихиындағы бес облысты басқарған әзірге жалғыз әкім.

Б. Сапарбаев 1977 жылы Алматыдағы халық шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Қаржы министрлігінде еңбек етті. 1990 жылы Білім министрі орынбасары қызметін атқарып, кейін министрлер кабинетінің аппарат басшысы лауазымына дейінгі жолдан өтті. 1995-2002 жылдары аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі қызметін атқарды.

2002 жылы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі — ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары — ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі, 2007 жылдан ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

2009 жылдан ШҚО әкімі, 2014 жылы Үкімет басшысының орынбасары, 2015 жылы Ақтөбе облысының әкімі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Үкімет басшысының орынбасары, Жамбыл облысының әкімі қызметтерінде тағайындалып, 2022 жылдың сәуір айында зейнет демалысына шыққан болатын.

Тегтер: Бердібек Сапарбаевқоғам қайраткері

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz