Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Қазақстанда кемі 900 мың адам жұмыссыз — депутат 

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты.

07.06.2023
Саясат

Әлемдік экономикалық кризис пен көршілес елге экономикалық санкция салынуының салдарынан дәстүрлі логистикалық байланыс үзіліп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы бұрын-соңды болмағандай қымбаттады. Бұл Үкіметтің жұмысын тежеп, жүйелі шешімдердің тұралап қалуына соқтырды.

«Былтыр еліміз күрделі жағдайға тап болды. Жыл басындағы оқиғалар халыққа әділ жағдай жасау туралы көптен бері қордаланып келген қоғам талабын айқындады. Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 20 проценттен асты. Осыған байланысты, отандастарымыз барлық негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін қысқартуға мәжбүр. Халық тапқан-таянғанының жартысынан көбісін азық-түлікке жұмсауға мәжбүр. Бізді осы орнаған жағдайдың өзгермей отырғаны алаңдатады», — деп атап өтті депутат.

Мәжілісмен үш жылдық бюджет қағаз бетінде қалғанын айтты. Оны орындау барысында тек алғашқы базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі. Келесі кезеңге арналған кезекті жоспарлау кезінде бұрын қолдау көрсетілген шығындардың кейбірі жаңа бюджетті бекіту барысында мүлдем көрініс таппайды. Соның салдарынан аяқсыз қалған нысандар пайда болады.

 «Үшіншіден, халықтың мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауға тәуелділігі әлі де жоғары деңгейде екені байқалады. Еліміздегі әрбір азаматтың еңбек табысының 3/1 бөлігі осы қолдаумен жамалып отыр.  Бұл пандемияға дейінгі кезеңнен едәуір жоғары (2022 жылы – 31%, 2018 жылы – 29%, 2015-2016 жылдары – 23%). Оған қоса, халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары. Мысалы 2022 жылы тұтынушылық несие – 30 процентке, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдермен шамалас қаражат. Яғни, аталған көрсеткіш – халықтың төлем қабілетінің төмендеуінің көрсеткіші, яки бір қарызды екінші қарызбен жамап жүрген халықпыз», — деді ол.

Оған қоса,  жұмыссыздық мәселесін де ерекше атап өтті. Бұл көрсеткіш кейінгі 5 жылда 5% шамасында сақталып отыр. Бұл көрсеткішке ешкімнің сенбейтіні анық.

 «Алайда, тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 9-10%-дан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есеге көп. Ал бюджеттен бөлінетін қаржы тек уақытша жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтау үшін жұмсалып отыр», — деді депутат.

Тегтер: жұмыссыздықҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz