Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

06.06.2023
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.

Артур Ластаевтың айтуынша, жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін  ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған. Омбудсменнің бастамасымен азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Тегтер: ақордаҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Диана Ахметова
05.08.2026

Алкогольге тәуелділіктің әлеуметтік салдары

Диана Ахметова
05.08.2026

Есірткі – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
05.08.2026

Экологиялық мәдениет – уақыт талабы

Диана Ахметова
05.08.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
05.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz