Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Топырақтың тұздануы ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін 85%-ға дейін төмендетуі мүмкін — әкім Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының тұрғындарымен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша есептік кездесу барысында күріш өсіруге қатысты өзекті проблеманы атап өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат
Суретті түсірген Аслан Қажеке

Суретті түсірген Аслан Қажеке

«Ауданда 6,8 мың гектар немесе егістік алқаптың 23%-ын күріш алқабы құрайды (29,8 мың га). Бірақ, Іле өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты күріш алқабы 2014 жылмен салыстырғанда (10,1 мың га) 30%-дан астам төмендеді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Ал өнім өткен жылмен салыстырғанда 7%–ға азаяды деген болжам бар. (2021 жылы 31,7 мың тонна, 2022 жылы 29,6 мың тонна). Сонымен қатар, ауданның күріш өңдейтін ірі кәсіпорындары («Тамшыбұлақ күріш зауыты», өңдеу қуаты жылына 14 мың тонна шикізат және «АФ-ОТЕС күріш зауыты» қуаты 10,8 мың тонна) маусымдық, яғни егін жинау кезеңінде ғана жұмыс істейді.

«Топырақтың тұздануы ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігінің азаюына басты себеп. Осыған байланысты дақылдардың өнімділігі 15%-дан 85%-ға дейін төмендеуі мүмкін», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Аталған мәселе бойынша өңір басшысы облыстық ауылшаруашылығы басқармасына аудан әкімімен өзара бірлесе отырып, қарқынды технологияларды қолдану есебінен ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды тапсырды.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival: креативті индустрияға жаңа серпін

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында жергілікті басқару мен тұрғындардың құқықтары қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында халықаралық бәйге жеңімпаздарына үш автокөлік табысталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz