Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға солақай саясаттың құрбанына айналған тұлғалардың ұрпақтары қатысты.

31.05.2023
Аймақ

Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, алаш қозғалысының негізін салушылар қатысты. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарға Құран бағыштады.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев еске алу шарасының маңызды әрі келешек ұрпақ үшін құндылығы жоғары екенін атап өтті.

«Қасіретті жылдардың құрбандарын ақтау жұмысы жалғасуда. Бұл ретте облысымызда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия мүшелері азаматтарды ақтау үшін архив құжаттарымен жұмыс істеп, «Қастек көтерілісі. 1928 жыл», «Империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы», «Алатау өңірі: Алаш қайраткерлері», «1928: Мүлікті тәркілеу тарихынан – Балқаш ауданы» сияқты құжаттар жинақтарын шығарды. Тарихтағы осындай қиын кезең — бірлігімізді берік, бүгінгі тірлігімізді тату ететін фактор екені сөзсіз», — деп облыстық комиссияның жұмысын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, «1928: Мүлікті тәркілеу тарихынан – Балқаш ауданы» және «Алатау өңірі: Алаш қайраткерлері» атты кітаптарының презентациясы өтті. Музей ұжымы түрлі тарихи экспонаттарды көрсетті.

Репрессия құрбандарын ақтау бойынша арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның мүшесі, профессор М. Қойгелдиев қазіргі таңдағы атқарылып жатқан істер жайлы мәлімдеді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен бүгінгі күні құрбандарды ақтау бойынша үлкен жұмыс жасалынып жатыр. Атап айтсақ, қазір 12 томдық құжаттар жинағы дайын болды. Бұл өте ауқымды жұмыс. Қазақтың 20-ғасырдағы қасіретін тарих бетінде айқын қалдырамыз», — деді.

Алматы облысының аумағында 250 мың адам саяси репрессияның құрбаны болып, 15 мың адам атуға кесілген.

Жазықсыз жазаланған адамдардың көпшілігі Жаңалық ауылында, Қандысайда жерленген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 16 спортшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға үміткер атанды

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz