Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары қай елдерге және қанша күнге визасыз бара алады?

Қазақстан азаматтары ұлттық төлқұжатпен әлемнің 195 елінің 31-іне визасыз сапарлай алады. Сонымен қатар, 6 ел қазақстандықтарға визаны ұшып барған кезде әуежайда береді, деп хабарлайды аlataunews.kz.

19.05.2023
Жаңалықтар

Атап айтқанда, әуежайға жеткеннен кейін виза беретін елдердің қатарында Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары бар. Бірақ, Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында визаның қанша күнге берілетіні нақтыланбаған. Бұл елдердің қатарына Тайландты қосуға болады. Тайланд Қазақстан азаматтарына визаны ұшып барғаннан кейін 30 күнге береді.

Қазақстандықтар Өзбекстанға барғанда сол мемлекеттің аумағында 5 күннен астам болған жағдайда, ал Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстанда 30 күннен астам болған жағдайда құзыретті органдарда тіркелуге міндетті.

  • Гонконг, Иран, Оманға 14 күнге дейін,
  • Барбадосқа 28 күнге дейін,
  • Аргентина, Бразилия, Малайзия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Сербия, Филиппин, Эквадорға 30 күнге дейін,
  • Албания, Андорра, Колумбия, Коста-Рика, Молдова, Моңғолия, Ресей, Украинаға 90 күнге дейін,
  • Армения, Сент-Винсент және Гренадиныға 180 күнге дейін,
  • Грузияға бір жыл аралығына дейін визасыз сапарлауға болады.

Қазақстан азаматтары Түркияда 180 күннің ішінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Кореяға да 30 күнге дейін визасыз сапарлауға мүмкіндік бар. Бірақ, 2022 жылдың 1 сәуірінен бері азаматтың Кореяға кіруін авторизациялайтын «K-ETA» электрондық жүйесі жұмыс істейді.

Тегтер: визаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz