Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Елімізден Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» темір жолы іске қосылады

Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде экономикалық ықпалдастығымызды тереңдетуге мүмкіндік беретін бағыттарды атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

18.05.2023
Саясат

Олар:

1. Энергетика саласындағы байланысты нығайту.
2. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жандандыру.
3. Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру.
4. Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту.
5. Құрлықтағы көлік дәліздерін дамыту.
6. Туризм саласын дамыту.
7. Қаржы саласындағы серіктестікті нығайту.

Президент еліміздің Қытайдың «Бір белдеу – Бір жол» бастамасын жүзеге асыру ісінде негізгі серіктестің бірі екенін атап, Қытай Батыс Еуразияның ауқымды нарықтарына Қазақстан аумағы арқылы шыға алатынын еске салды.

«Біз Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығын салуға баса мән беріп отырмыз. Орталық Азияға, Еуропаға, Түркия мен Иранға контейнер пойыздарын тікелей жөнелту барысында осы орталық негізгі хаб болады. Біз Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» темір жолын іске қосуды жоспарлап отырмыз. «Достық – Мойынты» арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда темір жол арқылы жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік туады», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа туристік бағыттар ашылып, еліміздің 13 қаласына «Ашық аспан» режимі енгізілгенін айта келе, Қазақстан Қытай үшін тартымды бағыт бола алатынын тілге тиек етті.

«Қазақстан қытай туристері үшін тартымды бағыттың бірі бола алады. Отыз күнге дейін визасыз жүру туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл қадам елімізге Қытайдан туристердің көптеп келуіне жол ашары сөзсіз», — деді ол.

Тегтер: жұмыс сапарыҚытаймемлекет басшысытемір жол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz