Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды

16.05.2023
Саясат
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдері жекелеген мәселелер бойынша есеп берді.

Президент отырыс барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрес аса маңызды екенін атап өтті.

«Соңғы жылдары көптеген елдің үкіметтерінің белсенділігі артты. Экологияны жақсарту, «жасыл» экономикаға көшу және көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу үшін батыл шешімдер қабылданып жатыр. Ұрпағымыздың дені сау болып, ауасы таза елде өмір сүргіміз келсе және мемлекетімізді бүкіл әлем мойындағанын қаласақ, біз олардан үлгі алуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды.

«Кеңес кезеңінен келе жатқан көптеген өндіріс орны, көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырды», – деді Президент.

Бұдан бөлек, жиында қоршаған ортаны қорғауға үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде бірқатар мәселе көтерілді.

Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар басшыларының назарын рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою және қоқыс өңдеу көрсеткіштерінің төмен екеніне аударды.

Қ. Тоқаев күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру нәтижесінде Үкіметке ұлттық экологиялық стандарттарды әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өндіріс орындарының зиянды шығарындыларын азайту, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою және эрозияға ұшыраған жерлерді қайта қалпына келтіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қарағанды облысы Шет ауданындағы егістік алқаптарын қалпына келтіріп, мал шаруашылығын дамытуға қатысты пилоттық жобаның жүзеге асырылу тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолдану мақсатында жан-жақты зерттеуге тапсырма берілді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz