Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

Кеше Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында ҚР ТЖ вице-министрінің басшылығымен «Қазқұтқару-2023» халықаралық жиын-семинарының 1-ші кезеңі ашылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

16.05.2023
Аймақ

15-16 мамыр аралығында ТЖ-ға ден қою саласындағы еріктілердің республикалық форумы өтеді. Бұған еліміздің барлық өңірінен 45 ерікті қатысады.

Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қолдауымен 15-18 мамырдан бастап Қазақстан төтенше ведомстволары қызметкерлерінен — 45 адам, Қырғызстаннан – 2, Тәжікстан – 2 және Өзбекстаннан – 2 адамның қатысуымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг және жарыстар, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан төтенше ведомстволарының кинологиялық есептоптарына арналған мастер-тренинг өткізіледі.

22-24 мамыр аралығында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді іздеу дағдыларын тексеру үшін ТЖМ-нің 37 кинологиялық есептобы сертификаттау сынақтарынан өтеді.

Сонымен қатар шетелдік мамандар төтенше жағдайларды жою бөлімшелерінің қызметкерлері үшін теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастырады, оған облыстық ТЖ департаменттерінен 20 қызметкер қатысады.

Барлық семинар мен тренингтерді Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы, Төтенше жағдайлар және табиғи зілзалалардың қаупін азайту орталығының қолдауымен Төтенше жағдайларды жою бойынша үлкен тәжірибесі бар халықаралық мамандар жүргізеді.

«Жартасты қала — Астана» оқу-жаттығу полигоны — құтқару жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуге әмбебап бейімделген ТМД-ғы жалғыз полигон. Мұнда 20 мыңнан астам құтқарушы қайта даярлаудан өтті, жыл сайынғы кинологиялық қызмет сертификаттарын алады, сүңгуірлер мен альпинистер өз шеберліктерін жетілдіреді, құтқару авиациясы пилоттық дағдыларын пысықтайды, ел өңірлерінен құтқарушылар пайдалы ақпаратпен алмасып, жұмыс тәжірибесі және құтқару технологияларымен бөліседі.

Жиын-семинардың бірінші кезеңі түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің төтенше ведомстволары құтқарушыларының біліктілігін арттыру жөніндегі халықаралық оқу-жаттығуларға дайындық іс-шараларының бір бөлігі болып табылады. Шара биыл қыркүйек айында «Жартасты қала — Астана» полигоны базасында жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазқұтқару-2023семинархалықаралық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz