Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

«Мен мұны дұрыс сапар деп есептеймін»: Қошанов Президенттің Ресейге жұмыс сапары жайлы айтты

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Ресейге жасаған сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

10.05.2023
Саясат

«Мен мұны дұрыс сапар деп есептеймін. Себебі, Ұлы Отан соғысы мен Ұлы жеңіс – біздің ортақ тарихымыз. Сондықтан барлық бауырлас мемлекеттердің басшылары сол парадта болды. Мұны  соғыста қайтыс болған аталарымызға, әкелерімізге арналған құрмет деп ойлаймын. Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ деп есептеймін», — деді Қошанов.

Қошанов атап өткендей, Қазақстаннан 1,2 млн-ға жуық адам соғысқа қатысқан.

«Оның жартысы соғыстан оралмады. Олардың көбі Ресейде жатыр. Олардың іздеушісі, жоқтаушысы болуы керек пе, болмауы керек пе? Менің ойымша, ол іздеуші, ол жоқтаушы – қазақ халқы, Президент болуы керек. Президенттің сапарына зерделеп қарасаңыз, ол алдымен Астанадағы Отан қорғаушылар мемориалына барып, гүл шоғын қойып, ерлікпен көз жұмған Отан қорғаушыларға тағзым етті. Сонымен бірге ардагерлерімізге Халық қаһарманы атағын берді. Содан кейін Ржев қаласына барды. Онда 22 мың қазақстандық азамат соғыста қаза болған. Олардың бәрінің аты-жөні тасқа қашалып жазылған. Солардың бәріне зиярат жасау үшін Президент сол жерге барды. Өзіміздің дәстүріміз бойынша Құран да оқытты. Жоқтаушысы болып барды», — деп айтты Мәжіліс спикері.

Қошанов ол жерде Президенттің әкесінің туған ағасы Қасым Болтаев та жерленгенін айтты.

«Сондықтан бұл сапарда Президент өзінің азаматтық борышын, перзенттік борышын және президенттік борышын атқарып келді деп есептеймін», — деп жауап берді Ерлан Қошанов Мәжілістің кулуарында.

Тегтер: Ерлан ҚошановҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыРесей

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz