Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

07.05.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

«Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке. Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі. Қазақстан армиясы кез келген жағдайда мемлекетімізді қорғауға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, антына адалдық танытып жүрген барлық сарбаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Армиямыздың айбыны асқақтай берсін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!

Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін!», — деді Президент.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаевқұттықтаумемлекет басшысыОтан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz