Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданына «Жәрдем» медициналық пойызы келді

Шалғай жатқан елді мекендердегі халыққа медициналық көмек көрсету үшін «Жәрдем» пойызы 26 сәуірден 6 желтоқсанға дейін Қазақстанды араламақ.

03.05.2023
Аймақ

Бүгін бұл «Жәрдем» пойызы Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Тасқарасу стансасына келді. Мұнда пойыз 2 күн аялдайды. Пойызда дәрігерлер жұртшылыққа тегін көмек көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен халыққа заң тұрғысынан және құқықтық, психологиялық кеңес беріледі. Бұдан бөлек, тұрғындар мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізу, зейнетке шығу, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде консультациядан өтулеріне мүмкіндік қарастырылған.

«Саламатты Қазақстан» жобасының координаторы Жанар Үсіпбекованың айтуынша, Қазақстанды аралау Алматы облысы Қопа ауылынан басталған. Алғашқы сапар күнінен осы уақытқа дейін 700-ден астам адамға медициналық көмек көрсетілген. Пойызда 21 дәрігер бар. Жұмыс уақыты әдеттегі кестеге сай өтеді.

«8 күн ішінде заңгерлер мен медиаторларға 100-ден астам шағым түсті. Жұртшылықтың арыздарын жинап, тиісті органдарға жолдаймыз. Кейіннен ол мәселесінің шешілуін қадағалап отырамыз. Әр облыстағы күрделі проблемалардың анализі жасалатынын да айта кеткен жөн», — деді координатор.

Жанар Үсіпбекованың мәліметінше, тұрғындарға көмек беруде әйелдерге басымдық беріледі. Оның ішінде мүгедек бала бағып отырған, жалғызбасты аналар, тағы да басқа санаттағы әйелдер болуы мүмкін.

Тасқарасуға еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жиналып, бірінен соң бірі дәрігерге кіріп жатыр. Олар ақ халаттыларға алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін пойыз облыстың Қопа, Медеу, Жетісу, Шелек стансаларында болды. Ендігі аялдама — Айдарлы стансасы. Аталған стансаға пойыз 5 мамыр күні сағат таңғы 8:48-де барады. Содан соң Жетіген мен Іле стансасына да тоқтайды. Алматы облысын аралап болған соң, «Жәрдем» пойызы 10 мамыр күні Жетісу облысына жол тартпақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржәрдемпойызҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz