Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында өткен ұшқыр бәйге жарысына 40 сәйгүлік қатысты

Бүгін Алматы облысында бірлік мерекесі кең көлемде атап өтілді.

01.05.2023
Аймақ

Облыс орталығында дүбірлеген той болса, Талғар ауданында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ұшқыр бәйге жарысы өтті.

Енді «Qazaq World Cup» деп аталатын бұл жарыстың түрі елімізде әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40 сәйгүлік қатысты. Жарыс ережесі бойынша тұлпарлар 6 топқа бөлініп, бақ сынады. Яғни, бір шақырымдық және 1800 метрлік, сондай-ақ 2 және 3 шақырым аралыққа тізгін босатып, кім жылдамды анықтады. Жүлде қоры 20 миллион теңгеден астам болды.

Облысы әкімі салтанатты ашылу рәсімінде әуелі сөз басын бүгінгі бірлік күнімен құттықтаудан бастады. Ел жұртқа ауызбіршілік пен татулық, бақыт пен берекелі өмір тіледі. Әрі басқадан бәсі басым тұратын ұлттық ат спортының жанжақты дамуына қолдан келгенше қолдау көрсететінін жеткізді. Қазақ елі бар жерде бағзыдан қанға сіңіп, жастарды ептілікпен тектілікке тәрбиелейтін бұл атбегілік өнері өрге жүзе беретінін тілге тиек етті.

Шараға ат басын тіреген Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов болса, бұл турнир қарашаға дейін әр екі апта сайын өтетінін айтты.

«Енді бірінші мамырдан бастап 15 қарашаға дейін әр екі апта сайын осы бәйгені ұйымдастырып отырамыз. Тұңғыш рет өткізіп жатқандықтан халық қалай қабылдайтынын бақыладық. Бұл бәйгеде 20 миллион теңгеден аса жүлде қоры бар», — деді қауымдастық басшысы.

Сондай-ақ атшабарда ат ерлеген жігіттер аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, садақ ату секілді ұлттық ойындарда бақ сынасты. Ал сахна сыртында еріктілер гір тасы мен қошқар көтеруден, ләңгі теуіп, қол күресуден жарысты. Барлық ойынның жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарбәйге

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz