Турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Алматы облысының әкімдігі бастамасымен, сондай-ақ республикалық «Бәйге» Федерациясы және «Bayserke Agro» холдингі қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыстың жүлде қоры — 17 700 000 теңгені құрады.
«Ұшқыр бәйге – 30-50 жыл емес, бұрыннан келе жатқан дәстүр. Біз мұны бір кездері жоғалтып алдық, енді қайта жанданып келе жатыр. Ұшқыр бәйгеден өзге барлық ат жарыстары үлгі алады. Бұл бәйгеде Халықаралық ат жарыстары ұйымдастырушылары федерациясының ережелерімен шабады, яғни классикалық жарыс. Бәйгеге қатысушылар еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ көрші Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келді. Жалпы осы жарыс маусымына 100-ге жуық ат иегелерінің 200-ден астам жылқылары қатысады. Тағы 20 шақты жаттықтырушы бар. Бұл қазіргі сәтте тіркелген, алдағы уақытта бұл сандар өсуі мүмкін. Енді бүгін 1 мамырдан бастап салқын күз түскенге дейін 2 апта сайын осындай жарыстар өтіп отырады», – деді «Kazakh jockey club» төрағасы Мақсат Ақаев.
Одан бөлек көрермендер арасында жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық «Ең үздік ұлттық киім», арқан тарту, қыз қуу, асық ату, қошқар көтеру сынды ойындардан жүлделі сайыстар өткізілді.