Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Ақорда Мемлекет басшысы қатысатын алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

28.04.2023
Әлем

2 мамырда Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.

«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

3 мамырда Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.

3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді. Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

5 мамырда Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді. Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Тегтер: аңдатпаҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысышара

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Алматы облысында +43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

ОСК Құрылтай сайлауына алғашқы партиялық тізімді тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz