Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда иммундау апталығы басталады

23-29 сәуір аралығында қалада иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

20.04.2023
Аймақ

Иммундау апталығының мақсаты – тұрғындарды вакцинациямен қамту деңгейін арттыру, халыққа әрбір баланың екпемен алдын алатын аурулардан қорғалуы қажет екенін түсіндіру.

«Вакцинопрофилактика – медицинаның ең үлкен жетістігі және Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтаудың экономикалық тиімді шарасы. Вакцинация – халықты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді құралдарының, сонымен қатар ең қауіпсіз медициналық араласулардың бірі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде туберкулезге, В вирустық гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, сіреспе дифтериясына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, гемофильді және пневмококкты инфекцияға қарсы вакцинация жүргізіледі», — деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Оның айтуынша, бүгінде вакциналардың екіден алтыға дейінгі компоненттерін бір дозада біріктіруге мүмкіндік беретін, инъекциялардың санын азайтатын вакциналар бар. Біздің елде қолданылатын барлық вакциналарды ДДҰ пайдалануға ұсынған және Қазақстанда тіркелген.

«Республика аумағында қолданылатын вакциналар қауіпсіз және тиімділігі жоғары», — деді ол.

Сонымен қатар, ол көптеген ата-ана профилактикалық вакцинаны балаларына егуден бас тартатынын тілге тиек етті.

«Бұл ретте әртүрлі әлеуметтік желіде таралатын бұрмаланған, дұрыс емес ақпарат кері әсер етеді. Баласына вакцина салғызудан бас тартқан ата-аналар тек өздеріне ғана емес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін тудырады», — деді ол.

Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығын өткізу кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Қала емханалары вакцинация мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсетуге, вакцинация туралы деректерсіз басқа өңірлерден келген немесе екпе алмаған балаларды егуге дайын.

Тегтер: алматывакцинаиммундау

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz