Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Сұр экспорт» дамып кетпеуі қажет – пікір

Күні кеше ғана ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, елді елең еткізгені мәлім. Осыған байланысты Іле ауданының жүк тасымалдаушы маман өз пікірін білдірді.

04.04.2023
Жаңалықтар

Министрдің дерегіне сүйенсек, алдағы уақытта бензин мен дизель отынының бағасы артады. Бұл өзгерістің аграрлық сала, жүк көлігі тасымалдарына тікелей қатысы бар екені айтпаса да белгілі.

«Дәл бүгінгі күні сонау Өзбекстанда дизель бағасы 480 тг көрсетіп тұр. Ал біздегі баға 230 тг. Кімдікі арзан? Осыдан кейін жүк тасымалдаушы қауымы қай мемлекеттен көбірек дизель алғысы келетіні айдан анық көрініп тұр ғой. Қазақстан мемлекеті көршілес мемлекеттерді арзан дизель отынымен көпе-көрінеу «асырап» отыр десек қателеспейміз. Олардың жүк көліктері бізден 1 тонна артығымен алып өз еліне сатып алыпсатар болып жүргендері көп», — деді жүк тасымалдаушы Нұрлан Ақтымбай.

Маманның айтуынша, ол кеше ғана Батыс Қазақстан, Орал қаласына іс-сапармен барып-келген. Байқауынша, еліміздің Батыс аймағында Оңтүстік Қазақстан сияқты дизельге тапшылық аз. Өйткені нағыз сауда-саттық, жүк тасымалдау еліміздің оңтүстік аймағында болғандықтан біз жақта жанармай стансаларында дизель тапшы. Оның үстіне көршілес Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары дизельді бізден алады. Сондықтан оңтүстік аймақтағы «сұр экспорттың» дамып кетпегені жөн.

«Енді қазір жанармай станциялары жүк тасымалдайтын көліктерге 300 литрден аспайтын лимитпен құятын болды. 300 литр дизель отыны 700-800 шақырым жол жүруге жетеді. Соның өзінде де еліміздің жанармай резервінің таусылуына әкеп соғатын арзан бағадан қиын болса да бас тартуымыз керек. Тасымалдау да қымбаттайды, оған қоса тауардың бағасы өседі. Қымбатшылыққа қатты ұрынбау үшін халықтың айлығын да өсіру керек шығар. Ең бастысы қарапайым азаматтарымыз бағаның өсуінен зардап шегіп қалмаса екен деген өтінішіміз бар», — деді Нұрлан Ақтымбай.

Тегтер: Басты жаңалықтарЖанар-жағармайҚазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz