Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Прокурор Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтата тұруды және оған іздеу жариялауды сұрады.

03.04.2023
Жаңалықтар

Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді.

Бұған дейін Жетісу облысының соты сотталушының 3 сәуірге белгіленген келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілетінін хабарлаған болатын.

Атышулы іс бойынша сот талқылауы 5 қаңтарда басталып, күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. 28 ақпанда облыстық соттың ғимаратында өткен тараптардың жарыссөзінде прокурор сотталушыны 9 жылға соттауды және арнайы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айыруды, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады.

Тегтер: Алматы облысыіздеуСерік Күдебаевхалықаралық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz