Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Түркия мен Татарстан президенттері Тоқаевқа жеделхат жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттер және халықаралық ұйым басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорда сайты.

31.03.2023
Саясат

Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өз құттықтауында көктемнің жаршысы – Наурыз Орталық Азиядан Балқанға дейінгі алып кеңістікте тойланатын ортақ дәстүр мен молшылық мейрамы екенін атап өткен.

«Осы ортақ дәстүрімізді сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде тойланатын Наурыз мерекесі – достығымыз бен бауырластығымыздың жарқын көрінісі», – деп жазылған Түркия Президентінің жеделхатында.

Татарстан Райсы Рустам Минниханов та бауырлас татар халқының атынан жүрекжарды тілегін жолдаған.

«Ежелден келе жатқан әрі ешқашан ескірмейтін, сондай-ақ өзіне тән жаңару рухын, жасампаздық қуаты мен қуанышын ала келетін Наурыз мерекесі қазақ-татар халықтарының дамуына, өзара ынтымақтастығының кеңеюіне жол ашсын деп тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин өз құттықтауында Наурыз мерекесінде дәріптелетін татулық, табиғатпен етене жақындық және адамдар арасындағы сыйластық күллі адамзат баласының құндылығы екенін айтқан.

«Наурыз ШЫҰ-ға мүше елдер мен халықтардың мәдени әралуандығын сақтауда және олардың тату көршілік қарым-қатынасын, достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді атсалысуымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Наурыз халықаралық күні туралы қарар қабылдағанын айрықша атап өткім келеді. Бұл осы мейрамның жаһандық деңгейдегі маңыздылығын білдіреді», – деп жазған ұйымның бас хатшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысын Наурыз мерекесімен Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазаде құттықтады.

Тегтер: ёжеделхатҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz