Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында «Алтын қазық» театр фестивалі өтті

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшы Әлия Әлімжанқызы сахна шеберлерін Халықаралық театр күніне орай Алғыс хаттармен марапаттап, ақшалай сертификаттар табыс етті.

31.03.2023
Аймақ

Қарасай аудандық Мәдениет үйінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан ұлтжанды тұлға Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығы аясында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтық» атағы бар және жаңадан құрылған театр ұжымдарының қатысуымен «Алтын қазық» атты театр фестивалі өтті. Бір күнге созылған шараға Алматы облысының әр өңірінен 12 театр ұжымы қатысты.

Көзіқарақты көрермен «Бақанас» театры, Т. Молдағалиев атындағы «Жастар» драма театры, «Қаракемер» балалар театры, «Кеген», «Ақши», «Қуыршақ» халықтық театры, «Сүйінбай», «Хантәңірі», «Қапшағай», «Талғар» және «Қарадала» театрларының қойылымдарын жоғары бағалап, «Халық театрлары» өнерінің қазіргі келбетімен, заманауи жаңа бағыттарымен танысты.

Сахна тарландары өз кезегінде сомдалған тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері мен қайраткерлік қырларын, тарихи болмысын барынша ашып көрсетуге тырысты.

Театр актерлерінің күрделі драматургиялық материалмен жұмыс жасауға қарым-қабілеттерін шыңдай түсу мақсатында өнер тарландары ұжымдарға режиссерлік, актерлік бағыттарында шеберлік сағаттарын өткізді. Драматургия бағытында ҚР Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, режиссура бағытында актер, режиссер, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының театр жұмыстарын үйлестіруші әдіскері Асқар Наймантаев, актерлік шеберлік бағытында әнші, актер Мақсат Рахмет, актерлік шеберлік бағытында театр және кино актері Ергенбай Абуев дәріс оқып, құнды ақпараттармен бөлісті.

Осы жылы «Қарасай жастар» театрының ашылғанына 5 жыл толып отыр. Театр 2018 жылы ақпан айында Қарасай аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылып, 2019 жылы Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Қарасай батыр»спектаклімен театрдың тұсауы кесілген болатын. Бүгінде театр репертуарында Бақыт Беделханның «9 грамм» спектаклі, «Жүректің көзі ашылса…» поэтикалық драмасы, Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасы, балаларға арналған «Бремен музыканттары», «Батыл көжектер», «Қадірдің бақыты» атты қойылымдары көрермендерінің ықыласына бөленуде.

Тегтер: Алматы облысыАлтын қазықфестиваль

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz