Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Бүгін Қонаевта Алматы облыстық VIII шақырылым мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

30.03.2023
Аймақ

Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды, оның бірі — депутаттар мәслихат төрағасы лауазымына Талғат Байеділовті сайлауы болды.

Жиында Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеген тапсырмаларына баса назар аударып, депутаттардың «Алматы облысының 2030 жылға дейін даму стратегиясын» жүзеге асырудағы рөлін атап өтті.

«Біз алдағы 5 жылда өңірдің басым бағыттарын жүзеге асыратын боламыз. ҚР Президенті айтқандай, еліміздің саяси жүйесі «Мықты Президент, беделді Парламент, есепті Үкімет» формуласына бағытталған. Қазіргі таңда депутаттардың алдында халықпен тығыз қарым-қатынас орнату тапсырмасы тұр. Халық сіздерге сенім артты, енді сіздер сол үмітті ақтауларыңыз қажет», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде жаңа тағайындалған мәслихат төрағасы алғысын білдіріп, облыс басшылығының алдындағы тұрған міндеттерді орындау үшін бар тәжірибесін салатынын айтты.

Айта кетейік, облыстық мәслихатқа 38 депутат сайланды.

Тегтер: Алматы облысымәслихат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz