Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Қандастарымыздың мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сырттан келген қандастардың «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысқанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

14.07.2022
Жаңалықтар, Саясат
Ақорда баспасөз қызметі

Ақорда баспасөз қызметі

Президент үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қайта қарау керек.

«Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ, тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға, соның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі заманда өңірлерде, елдерде, тіпті, құрлықтарда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатқанын айтты.

«Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін», — деді ол.

Тегтер: Жаңа ҚазақстанқандастарҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында қоғамдық көлік жаңарып, жаңа бағыттар ашылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz