Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды

Мәжіліс депутаттары палата спикерін сайлады. Мәжіліс төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхаметов ұсынды.

29.03.2023
Саясат

Мәжіліс спикері жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Ол үшін депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылды. Санақ комиссиясы дауыс беру барысын және дауыстарды санауды қадағалады.

Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесін жариялады. 96 депутат дауысын Ерлан Қошановқа берді.

«Парламент мәжілісінің Төрағасы болып депутат Қошанов Ерлан Жақанұлы сайланды».

Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып жұмыс істеген.

  • 1988-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі.
  • 1990-1995 жылдары – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары, төрағасы.
  • 1995-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
  • 1999-2001 жылдары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
  • 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
  • 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
  • 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
  • 2007-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
  • 2012-2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
  • 2017-2019 жылдары – Қарағанды облысының әкімі.
  • 2019-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
  • 2022 жылғы 1 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
    «AMANAT» партиясының ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі Фракция жетекшісі.
  • 2022 жылғы 26 сәуірде «AMANAT» партиясының төрағасы болып сайланды.
Тегтер: Ерлан Қошановмәжіліс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz