Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Сайлау күні құқық бұзушылық жасаған 42 адам жауапқа тартылды – ОСК

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні тіркелген заңға қайшы әрекеттер туралы айтты.

27.03.2023
Сайлау-2023

«Дауыс беру күні сайлау заңнамасын сақтау шеңберінде учаскелік сайлау комиссиялары тиісті құқықтық жауапкершілік шараларын қолданды. Осылайша, заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімімен олардың жұмысына қатысудан 19 мүше дереу шеттетілді. Аталған ақпараттық материалдардың әлеуметтік желілерде таралуына және сайлау комиссияларына осындай өтініштердің түсуіне байланысты біз Бас прокуратураға 19 наурыз – сайлау күні тексеру және құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау салу жібердік», — деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, Бас прокуратура ұсынған ақпаратқа сай, сайлау күні 42 адам құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапқа тартылған.

«Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 42 адам құқық бұзушылық жасап, олардың барлығы жауапқа тартылды. Олардың ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бап бойынша айыппұл салынды. Алайда осы әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтижесіне әсер етпеді және сайлау округіндегі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктегі сайлау нәтижесін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін отбасылық дауыс беру дәстүрі, яғни отбасы мүшелері мен басқа да жақындары үшін дауыс беру, дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу дәстүрі және тағы басқа кемшіліктер әлі де жойылған жоқ», — деп мәлім етті Нұрлан Әбдіров.

Тегтер: ОСКсайлау2023

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz