Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

27.03.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновты қабылдайтынын айтқан еді.

«Таяу арада сені қабылдаймын. Жарайсың! Сені мақтан тұтамыз!», — деді Қ. Тоқаев спортшыға.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыШавкат Рахмонов

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz