Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі шетелдік университет өкілдерімен Меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетінің өкілдерімен кездесті.

24.03.2023
Аймақ
Фото: Alataunews.kz

Фото: Alataunews.kz

Жиында аймақ үшін стратегиялық маңызды салаларда білім беру бағдарламаларын дамыту мен IT-технологиялар және туризм саласындағы инвестициялық жобалар талқыланды.

«Корпорация құрамына әртүрлі бейіндегі ұйымдар кіреді, бірақ негізгі бағыты — білім беру. Құрылым орталығы — «Синергия» университеті. Оқу ошағында 1000-нан астам бағдарлама бар. Білім ордасы өзінің технологиялық ресурстары, маркетинг, сату және білім беру процесін басқару саласындағы әзірлемелер негізінде үздіксіз білім беру моделін жүзеге асырады», — деді университеттің Даму жөніндегі вице-президенті Анастасия Полякова.

Университеттің өңірлік директоры Жорж Геворгянның айтуынша, Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда аталған университеттің филиалын ашу көзделіп отыр. Қазір мұнда 92 елден 20 мың студент білім алып жатыр. Шетелдік білімгерлердің көшін Қазақстаннан келген жастар бастап тұр.

Университет туралы жалпы ақпарат берген мамандар облыс әкімінен жоғары оқу орнының филиалын ашқан жағдайда мекеме үшін ғимарат мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

«Алматы облысында 1 ЖОО және 22 колледж бар. Олардың ғимараты жаңа білім ордасы үшін қолайлы болады деп айта алмаймын. Алайда, түрлі амалдарын қарастыруға болады. Кейбір ғимараттарды алып, университет үшін қайта жөндеуден өткізіп, реттеуге мүмкіндік бар. Бастысы сіздер біздің өңірге қажетті сала мамандарын кәсіби түрде даярлап шығарсаңыздар жеткілікті», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Кездесу соңында Алматы облысының әкімдігі мен «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті арасында әріптестік қарым-қатынас орнату және Алматы облысының аумағында жобаларды іске асыру үшін қажетті іс-шараларды айқындау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында «Синергия» университетінде бакалавриат және магистратура бойынша 60 мыңнан астам студент білім алып жатыр. 2021 жылы Университет «Интерфакс» кәсіпкерлік бағдарламалар рейтингінде бірінші орынды иеленеді. Сондай-ақ жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту 29 бағытта жүргізіледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиевмеморандум

Соңғы жаңалықтар

Две новые школы открылись в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Шенгельди обновят систему водоснабжения

Николай Иващенко
10.04.2026

Представлен заместитель акима Шенгельдинского сельского округа

Николай Иващенко
10.04.2026

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz